Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы № 138-НҚ бұйрығы
(2013.08.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 22 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi туралы ереженiң 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013.08.05. № 142-НҚ бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2154 тiркелген, Ресми газетте 2003 жылдың 22 наурызындағы № 12 жарияланған):
көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықта: